Сергіту жаттығулары.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

Жаздық, жаздық бәріміз,

Талып қалды қолымыз.

Бір, екі, үш,

Қоға жинап күш.

Енді еркін тыныстап,

Демаламыз дұрыстап.

Топ топ, басайық,

Жалаудан күн ашайық.

Жаса, жаса, алтын күн,

Жаса, жаса жарқынкүн.

Қуыршақтарым тұрыңдар,

Беттеріңді жуыңдар.

Шаштарыңды тараңдар,

Киімдеріңді – киіңдер.

Мектепке қарай жүріңдер.

Қоңыр қыздар қалып жүр,

Жасыл шөпке келіп қонды.

Біраз ЖүзіпЖүгірген соң,

Қайта олар ұшып кетті.

Қошақандар ұйықтап жатыр,

Орынынан тұрды.

Керілді созылды,

Оңға, солға, бұрылды.

Сосын іске (не жұмысқа)

Кірісті.

Ал балалар тұрайық,

Алақанды созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Жаза,жаза саусағым,

Әлсіредім шаршадым.

Оңға, солға, бұрайық,

Сосын қайта жазайық.

Тап – таза суда,

Балық жүзіп ойнады.

Біресе жиырылады,

Біресе керіліді,

Біресе құмға тығылады.

Бір, екі, үш,

Жадыраймыз жинап күш.

Бестік баға аламыз,

Қуанып үйге барамыз.

Орындарыңа отырыңдар,

Сабақтарыңды оқыңдар.

Бөпешім, тұршы,

Бетіңді жушы.

Айналаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Орыныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы.

Тік ұсташы бойыңды,

Жоғары созшы қолыңды.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай – ақ.

Қаңқ – қаңқ қаздарым,

Тізені сәл бүгіңдер.

Қолды артқа ұстаңдар,

Қазға, кәне ұқсаңдар.

Тақ сан айтсам,

Ұлдар тұрыңдар.

Жұп сан айтсам,

Қыздар тұрыңдар.

Қазым,Қазым қақылда,

Көлде жүзіп салқында.

Жем шашайын жейсің бе?

Жоқ

Кәмпит брсем жейсің бе?



Жоқ.

Кәмпит тәтті ас,

Арпа мен бидай шаш.

Айгөлек – ау,

Айгөлек – ау.

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде.

Би – билеймін дөңгелеп,

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіптіде.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсам, Жол салсам.

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы.

Ортаңғы терек кезекші,

Шылдыр шүмек көмекші.

Шынашағы балапан,

Бәріне ортақ алақан.

Бас бармағым ағасы,

Балан үйрек нағашы.

Ортан түйрек атасы,

Шылдыр шүмек апасы.

Шынашағы қарлығаш,

Бәріне ортақ қарындас.

Бесеуіде бауырлас,

Ағайын, дос, бауырлас.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіндей,

Иіліп солға бір.

Сағаттың тіліндей,

Сағатқа қарап – ақ.

Жаттығу оңай – ақ.

Біз тұрдық, біз тұрдық,

Оңға, солға, бас ұрдық.

Екі жаққа бас ұрып,

Орында тұрып біз жүрдік.

Енді отырып қарайық,

Қолға қалам алайық.

Біздер тату болайық,

Әсем етіп жазайық.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Қоюланып тағы бұлт,

Жауды жаңбыр себелеп.

Жапырақтар жамылып,

Бұға қалды көбелек.

Ал қанекей балалар,

1,2,3, деп санаңдар.

1, 2, 3, - 1,2,3,

Міне енді санаңдар.

Қолды алға созайық,

Қағаз кеспек болайық.

1,2, 3, 4,

Енді еркін тыныстап.

Дем алайық дұрыстап.



Аюдың үйі үлкен,

Қоянның үйі кішкентай.

Аю үйіне келеді,

Қоян соңынан ереді.

Ормандағы аюдың,

Бүлдіргені көп екен.

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Күн шықты, күн шықты,

Алақай, алақай.

Күн шықты, күн шықты,

Балақай, балақай.

Мен қазір жүгіріп,

Күнді ұстап аламын.

Сары ала торпақ,

Бүйірі тым томпақ.

Басады байқап,

Басын шайқап.

Санайық жаңаша,

1,2,3.

Желбіреді жалауша,

Достықта біздің күш.

Доп доп,

Топ топ.

Теуіп қалдым допты.

Доп жоғалды,

Қап, қап

Тап, тап.

Мекетепке келдік,

Иіліп сәлем бердік.

Армысың – мектеп ана,

Біз саған оқуға келдік.

Өзенге жақын келдік,

Иіліп сәлем бердік.

Армысың өзен ана,

Біз саған суға түсуге келдік.

Бір уақытта үйректер ұшты,

Соқ – соқ.

Үйректер Ұшты, ұшты,

Сосын жерге қонды.

Мен жапалақпын,

Күндіз ұйықтаймын.

Түнде ұшамын,

Масаны бір ұстаймын

Қоңызды бір ұстаймын.

Төбешікке қар үйдік қар үйдік,

Сосын оған су құйдық, су құйдық.

Төмен қарай сырғыдық,

Дем алуға отырдық.

Қарлығашқа ұқсайық,

Кәне, қанат жазайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып, Ұшып, алайық.

Бақа, бақа балпақ,

Басың неге жалпақ.

Темір – терсек көп киіп,

Содан басым жалпақ.

Алға мойын созайық,

Сол қалып пен жүріңдер.

Ілгерілеп озыңдар,

Солай етіп байқа да,

Он шақты рет қайтала.

Қанат жая жалма – жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иілем де, қолға бір,

Аяғымның ұшына.


6087665925303667.html
6087715973345177.html
    PR.RU™